Елордада қоғамдық көліктер кешкі 19:00-ге дейін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоғамдық көліктер кешкі 19:00-ге дейін жүреді

25.03.2020

Елордада ертеңнен бастап қоғамдық көліктер кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді. Ал қала маңына қатынайтын автобустар наурыздың 28-нен бастап мүлдем тоқтайды. Автопарктер карантин аяқталғанша осы кесте бойынша жұмыс істейді. Егер карантин күшейтілсе, қала ішіндегі қоғамдық көліктер де біржола тоқтауы мүмкін. Бұл туралы бүгін қала әкімдігі хабарлады.

Даияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу