Елордада бүгін қоғамдық көліктер жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бүгін қоғамдық көліктер жүре бастады

12.05.2020

Бірақ әзірге қала ішінде қатынайтын автобустар ғана. Олар таңғы 7-ден кешкі 9-ға дейін тоқтамайды.

Карантинде көптің жолы да, қолы да байланды. Ал жұмысы басталғандарды тасымалдау үшін бүгін 61 бағыт бойынша 600 автобус жолға шықты. Жүргізушіге де, жолаушыға да ортақ санитарлық талаптар бар.

Жұмысын қайта бастаған қоғамдық көліктердің тарифінде де өзгеріс бар. 18 жасқа дейінгі балалар енді көлік картасы болса, тегін жүреді.

Әр рейс сайын көліктерге дезинфекция жасалуы тиіс. Ол- жүргізушілердің жұмысы. Ал жолаушыларға қойылған талапты сақтауға әрбіріміз міндеттіміз.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу