Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

06.04.2020
Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

Бүгіннен бастап Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, маршруттағы автобустар саны 36% -ға дейін азаяды. Ал 7 сәуірден кейін қалаішілік бағдарларда тек 68 қоғамдық көлік қатынайтын болады, яғни автобустар 80%-ға қысқартылмақ. 

«Төтенше жағдай кезінде автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын infobus қосымшасы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар», - деп хабарлады әкімдіктегілер.


Хабарламаларға жазылу