Елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңына қатынайтын автобустар қайта жүре бастады

17.08.2020

Бүгін елорда маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар 4,5 айлық үзілістен кейін қайта жүре бастады. Бұлар да қала ішіндегі қоғамдық көліктер сияқты жолға шықпас бұрын күнделікті залалсыздандыралады. Ал жолаушыларға бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ. 

Жол ақысын карта немесе телефон арқылы ғана төлеу керек. Автобустар таңғы сағат 6:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүреді. Ал алдағы демалыс күндері қалалық бас мемлекеттік санитарлық дəрігердің қаулысына сəйкес қоғамдық көліктер тоқтатылады.

Хабарламаларға жазылу