Әр балаға 21 мың теңге: Жәрдемақы кімдерге тиесілі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр балаға 21 мың теңге: Жәрдемақы кімдерге тиесілі?

03.03.2019

Өсетін, өрбитін ағаш жылда бүршік жарады, жапырақ жаяды. Демек, болашағы бар. Сол сияқты дана қазақ келешекке үміт артуды көпбалалы отбасымен ұштастырады. Перзент сүюді халықтың болашақты ойлауы деп бағалаған. Қазір де солай. Ұрпақ санын көбейтіп, ұлы көштен қалдырмау үлкен меже. Ал, сол баланың рухани қажетін де, материалдық мұқтажын да теңдей қанағаттандыру – ата-ананың парызы, мемлекеттің міндеті. Сол үшін де әлеуметтің әлеуетін көтеру – биліктегі бірінші мәселе. Кешегі «Nur Otan» съезінде Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға қолдауды арттыру қажеттігіне тоқталды. Атқарушы билікке жаңа міндеттер жүктеді. Сонымен қолдауға кімдер ие болады? Жеңілдіктер кімдерге тиесілі? Әсима Нұрбайқызы жіліктеп береді.

Хабарламаларға жазылу