Құрбандық шалу кімдерге парыз?

02.10.2014
Құрбандық шалу кімдерге парыз?

Қазан айының 4-і барша мұсылман мейрамы Құрбан айт келе жатыр. Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. 

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал осы құрбандық шалу кімге парыз?

1. Мұсылман болуы;

2. Ақылды және балиғат жасына толуы;

3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;

4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы;

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес.

Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен, жағдайы келсе, құрбандық шалуына рұқсат.

Құрбандық шалудың негізгі мәні мен маңызы:

Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі.

Құрбан шалу – ұлы ғибадат. Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады.

Құрбан шалудың қоғамдық пайдалары да мол.

Құрбан шалу – Алланы еске алу әрі шүкір ету.

Құрбан шалу – Аллаға деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

Құрбан шалу бәле-жалаларды аластатады.

Құрбан шалу Алланы ұлықтауды, әрі мұсылмандардың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді.

Құрбан шалу мүмінді ақыретте мол сауапқа кенелтеді.

Құрбан шалу – баршаға әсіресе кедейлерге жасалған жанашырлық.

Құрбан шалу – қоғамдағы татулық пен ынтымақтың ұйытқысы

Құрбан шалу – мұсылмандардың бір-біріне қол ұшын созып тұруының, бауырмашылдығының белгісі.

Құрбан шалу қоғамды игілікке, ізгілікке бастайды.

Құрбан шалу көрші ақысын еске салып, татулыққа бастайды.

pvlmeshit.kz

Хабарламаларға жазылу