Алматыда шу шығарған ер азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шу шығарған ер азамат ұсталды

20.03.2020

Ойнаймын деп, опық жеді. «Коронавирустың кесірінен өзіме қол жұмсаймын» деп желіге желпініп шыққан жігітті полицейлер қолға түсірді. «Д...» есімді азаматтың Алматыда тұратыны анықталды. Полиция департаменті видео авторын тауып, түсіндіру жұмысын жүргізген. Ол бейнежазбаны әзіл үшін әдейі түсіргенін мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Пандемия кезінде заңсыз пайда таппақ болғандар да құрыққа ілікті. Алматыда экономикалық тергеу департаменті мамандары құны 191 миллион теңгені құрайтын 1 млн-нан аса масканы тәркілеген. Құжатсыз қымбат бағаға бетперде сатқандар ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаржы мониторингі комитеті барлық медициналық масканы Денсаулық сақтау басқармасына тапсырған.


Хабарламаларға жазылу