Үйінде есірткі мен қару сақтаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйінде есірткі мен қару сақтаған күдікті ұсталды

08.04.2022

Шаруа қожалығында жұмыс істейтін ер адам үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған. Оны Жамбыл облыстық полиция департаменті қызметкерлері Шу ауданында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында анықтаған. Тінту кезінде қожалыққа қарасты үйдің асханасынан салмағы 7 келіден асатын кептірілген «марихуана» және аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. 42 жастағы күдікті қылмыстық ісін толығымен мойындады. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Асқар Жұмабеков, облыстық ПД басқарма басшысы:

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Шу қаласының батыс бағытында орналасқан «Мақаш» шаруа қожалығында 42 жастағы тұрғын ұсталды. Күдікті қылмыстық әрекеттерін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Нұрдос Сембек

Хабарламаларға жазылу