Үкімет басшысы елордадан шыға берістегі бақылау-өткізу бекетіне барды

20.03.2020

Үкімет басшысы Асқар Мамин Елордадан шыға берістегі «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолы бойындағы №2 блок-постқа барып, карантин кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және әскерилердің қызметін тексерді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда стационарлық карантинді қамтамасыз ету үшін қалалық инфрақұрылым нысандарын қайта жарақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Хабарламаларға жазылу