Үкімет басшысы Түркістан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Түркістан облысына барды

20.08.2018

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр мемлекеттік органдар орналасқан бірқатар нысанды аралады. Осы уақытқа дейін 27 жергілікті атқарушы органның 22 басқармасы ауысып, 14 аумақтық орган өкілдері Түркістанда қызмет етіп жатыр.

Ал келесі жылға дейін қалған ведомостваларды толығымен көшіру жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде қалаға ауысатын қызметкерлерді саны мен олар орналасатын ғимараттарда анықталды. Мемлекеттік қызметкерлерге жатақханалардан орын бөлінеді. Ал қаладағы мектеп-интернат ғимаратында 10 аумақтық орган орналасатын болды. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Үкімет басшысына білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жайы баяндалды.    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу