Елбасы Қырғыз елінің басшысы С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

18.06.2020

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қырғыз басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі үшін жуық арада күнделікті қызметіне оралуын тіледі. Өз кезегінде Елбасы жылы лебізі үшін алғыс айтып, бауырлас мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастың нығая береріне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу