Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

04.05.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғызстандық әріптесі Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында қос ел президенті бір-бірін Рамазан айымен құттықтады. Көрші ел басшысы пандемия кезінде Қазақстанның гуманитарлық көмегіне ризашылығын жеткізді. Тараптар шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимін талқылап, індеттің таралуы аяқталғаннан кейін атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен де тілдесті. Қос президент бір-біріне Жеңістің 75 жылдығына орай құттықтауларын білдірді. Әңгіме кезінде пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шаралары талқыланды. Сондай-ақ екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу