Мемлекеттік мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті

18.03.2020

Әріптесім айтқандай, аурудан алшақ болудың амалы - тазалық және адамдар шоғырынан алыс жүру. Сондықтан да, елордалық қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуді бастады.

Бос тұрған орындықтар. Сөніп тұрған компьютерлер. Бұл еліміздегі ең ірі компаниялардың бірі - «Самұрық-Қазынаның» кеңсесіндегі көрініс.

Дәл осы режимге бүгін, тіпті, министрліктер де көшті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметкерлер үйінде отырып жұмыс істесе де, айлығы толық төленетінін айтты. Ал, қашықтықтан жұмыс істеуге мүлде мүмкіндігі жоқтар ше...

Ал, кейбір ұйымдар жұмысты мүлде тоқтатса, онда қызметкерге ең төменгі жалақы көлемінде айлық беріледі. Егер азаматтар қысылтаяң шақта қысқартылып, жұмыстан шығуға мәжбүр болса...

Карантинге байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтандағы балабақшалар да жабылып, қызметкерлер ақылы еңбек демалысына жіберілмек. Осылайша, халықты қауіпті инфекциядан қорғау күшейтілді. Дегенмен коммуналдық қызметкерлер мен тәртіп сақшылары, құқық қорғау органдары мен дәрігерлер әзірге қалыпты режимде жұмыс істей береді.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу