Қос қаланың кіре берістеріне блокпосттар қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қос қаланың кіре берістеріне блокпосттар қойылды

18.03.2020

Елорда аумағында 6 шеп бекеті белгіленді. Талапкер, Қоянды, Жібек жолы, Қосшы және Қараөткел. Бұл қаламаңы тұрғындары орталыққа емін-еркін кіре алады. Шектеу сол ауылдар аяқталған тұстан басталады. Карантинге дейін Нұр-Сұлтанға айналасындағы 5 қаладан күніне 100 мыңға жуық көлік келіп-кететін. Енді сапарларын кейінге шегеруге тура келеді.

Сонымен бүгін түнгі сағат 12-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин. Қала аумағына кіріп-шығуға шектеу қойылады. Азық-түлік тасымалдаушыларға кедергі жоқ. Тағы мына санаттағы адамдардың қатынауына рұқсат.

Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің талабына бағынбағандарға 5 миллион 300 мың теңге айыппұл салынады. 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Себебі әркімнің жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздік.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу