«Минск-Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшақтың Қарағандыға қону себебі анықталды

19.03.2020

Елордаға ұшып келген басқа да рейстердің жолаушыларын оқшаулауға мейлінше орынды артығымен сақтау мақсатында ұшақты кеншілер қаласына қондыру шешімі қабылданған. Мәселен, Елордаға 5 рейс келген. Бұған қоса тағы үш рейстің келуі күтілген. Бұл, шамамен160-тан астам адам. Сол себепті Минск-Нұр-Сұлтан ұшағы Қарағандыға қондырылып, борттағы 67 жолаушы бірден оқшауландырылды. Қазір өңір бойынша карантинге жалпы саны 113 адам алынған. Сондай-ақ үй карантинінде 39 адам отыр. Облысқа кіре берістегі жолдарға санитарлық бекеттер қойылды. Онда келген адамдарда тәулік бойы инфекция белгілерінің бар-жоғы тексеріледі. Ал, қаланың қоғамдық орындарында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген.  

Хабарламаларға жазылу