Артиллериялық соққыдан 70 украиналық сарбаз қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Артиллериялық соққыдан 70 украиналық сарбаз қаза тапты

01.03.2022

Соңғы деректерге сай, Украинаның Ахтырка қаласындағы әскери бөлімде артиллериялық шабуылдан 70 сарбаз қаза тапты.

Ресми Киев бұл ақпаратты растап отыр. Елдің шығысындағы Херсон қаласы ресейлік әскерилердің бақылауына көшкен. «Рейтердің» дерегінше, қалаға кіре берісте блокпосттар орнатылып жатыр. Сонымен қатар, спутниктен түсірілген суреттерде Киевке солтүстік-батыстан Ресейдің 64 шақырымға созылған әскери колоннасы бара жатқаны көрінеді. ВВС-дің хабарлауынша, елдің екінші ірі қаласы Харьков орталығында таңертең жарылыс болды. Дүйсенбіде қалаға зымырандардан оқ жаудырылып, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Ал Ресей адам тұратын аудандар нысанаға алынғанын растаған жоқ. БҰҰ-ның дерегінше, Украинада қақтығыс басталғалы бері кемінде 102 бейбіт тұрғын қаза тауып, 500 мыңнан астамы елден қашқан. Киев болса, ресейлік күштердің операциясынан 352 адам оққа ұшып, 1600-ден астамы жараланғанын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу