Мәжілістің жұмысы жаңа форматқа көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің жұмысы жаңа форматқа көшті

18.03.2020

Мәжіліс те жұмысын жаңа форматқа көшірді. Алайда, Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин айтқандай, жаңа тәртіп заң шығару жұмысының сапасы мен қарқынына кері әсерін тигізбейді. Бүгінгі жалпы отырыс онлайн режимде өтті. Жайшылықта абыр-сабыр болып жататын Парламенттің дәліздерінде де адам көп болмады. Залда да шектеу бары бірден байқалды. Әдетте Үкімет мүшелері мен мемлекеттік орган және мемлекеттік емес ұйым өкілдері отыратын орындар бос тұрды. Бүгінгі отырысқа депутаттар мен Заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысты. Парламенттік тыңдаулар мен үкіметтік сағаттар кейінге шегеріледі. Депутаттар мен Аппарат қызметкерлері үшін іссапарлар, басқа да қызметтік және жеке сапарларға тыйым салынады. Сонымен қатар, Мәжіліс Аппараты қызметкерлерінің 70% пайызы қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі. Қалған бөлігі қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарады.


Хабарламаларға жазылу