Елбасының өкілеттілігін өз еркімен тапсырғанына 19 наурызда 1 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының өкілеттілігін өз еркімен тапсырғанына 19 наурызда 1 жыл толады

17.03.2020

Алдағы 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағанына бір жыл толады. Еліміздің Тұңғыш Президенті дәл осы күні халыққа үндеуін жолдап, тарихи қадам жасаған еді. Еліміздегі билік транзиті қалай жүзеге асты, саяси сабақтастықтың маңызы мен мәне неде?

Елбасының бұл шешімі әлем ақпарат құралдары да жарыса жариялады. Қазақстан президентінің өкілеттігі осылайша Конституцияға сәйкес сол кездегі ҚР Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті.

Елбасы Қазақ елін 30 жыл басқарды. Еңбек жолын қарапайым металлургтан бастап, тұңғыш Президент лауазымын абыроймен атқарды.

Қазақстандағы билік транзиті бейбіт түрде жүзеге асты, саяси сабақтастық сақталды, Қазақстанмен тығыз байланыстағы халықаралық қоғамдастықтың алаңдауына негіз болған жоқ. Мемлекетің о бастан ұстанған саяси стратегиясы жаһандағы жаңа сын-қатерлерге сай жаңаша сипат алды.


Хабарламаларға жазылу