Елімізде коронавируске шалдыққандар саны 10 адамға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы ақпарат бойынша, елімізде коронавируске шалдыққандар саны - 10 адамға жетті. Оныншы науқас 15-наурыз Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген. Ол 1986 жылы туған азаматша.
Сонымен індетті жұқтырғандардың сегізі - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда ем қабылдап жатыр.
Осы уақытта 1641 адам стационарлық карантинде және 981 адам үй карантинінде жатыр. Сондай-ақ, Қытайдан және көрші мемлекеттерден келген азаматтарды да тексеру жалғасуда. Барлық санат бойынша 2537 адам бақылауға алынған. Оның ішінде «1-а» санатында - 1626, «1-б» санатында - 564, 2-санатта - 347 адам бар. Бақылауға алынғандардың 480-і тексеруден кейін мониторингтен шығарылса, 2057 адам әлі де бақылауда тұр.
Аманкелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16