Төтенше жағдай мен карантин талаптарын орындамағандар жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай мен карантин талаптарын орындамағандар жазаланады

16.03.2020

Төтенше жағдай тәртібі қауіпсіздік үшін қатаң сақталуы тиіс. Ал талапты орындамағандар заң алдында жауапкершілікке тартылады. Айыппұл арқалаудан бастап, бас бостандығынан айыру жазасына дейін қарастырылған. Жұртшылықтың амандығы әр азаматтың қолында. Сондықтан режимде көрсетілген ережелерді ескеріп жүрген абзал.

Барыс-келіс толастамайтын халықаралық «Қорғас» орталығы жабылды. Қорғастағы өндірістің іші-сыртында санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтілген. Жалпы ел аумағынан кез келген көлік түрінің өтуіне шектеу қойылды. Бірақ ішкі қатынас тоқтаусыз.

Ал құзырлы органдарға құлақ аспай, карантиннен қашқандар әкімшілік жазаға тартылады. 1А санатындағы елдерден келген азаматтар міндетті түрде оқшаулануы тиіс. Ал 1Б санаты бойынша үй карантиніне жатқызылады.

Төтенше жағдайдың жариялануы – халықтың қауіпсіздігі үшін жасалған шара. Сондықтан сақтыққа салғырттық танытпай қатаң сақтау – ортақ саулықтың кепілі. Алайда тәртіпке бағынбаса жазаға тартатын бап бар. Режим кезінде әкімшілік кодекс бойынша әркімге жауапкершілік жүктелген.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу