Вирусқа қатысты Алматы қаласындағы соңғы ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусқа қатысты Алматы қаласындағы соңғы ахуал

16.03.2020

Алматы қаласында коронавирус жұқтырған жетінші науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ол қаладағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жеке бокста ем алып жатыр. 2008 жылы туған қыз бала Германиядан ата-анасымен бірге ұшып келген. Науқаспен бір рейсте болған жолаушылар әуежайда оқшауланып, дереу сынама алынған. Жалпы қазір мегаполисте 676 адам карантинде жатыр. 

Қалада зарарсыздандыру жұмыстары күшейді. Мәселен, шаһардағы 130 бағдар бойынша жолаушы тасымалдайтын 1700-ге жуық автобусқа күнделікті дезинфекция жасалуда.

Мегаполистегі ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында кинотеатр, балалар алаңдары жабылып, дүкендер, дәріханалар ғана ашық. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Бүгіннен бастап Алматыдағы 266 мектепте сабақ тоқтатылып, ЖОО мен колледж студенттері қашықтықтан оқуға көшті. Қалада қауіпті вирустың алдын алуға бағытталған шаралар күшейтілді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу