Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді - Президент

16.03.2020
Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді - Президент

Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», - деді Президент халыққа үндеуінде.

Хабарламаларға жазылу