Елде азық-түлік бағасын қымбаттатуға тыйым салынады

06.05.2020

Елімізде халық жиі тұтынатын азық-түлік бағасын 15 пайыздан артық қымбаттатуға тыйым салынады. Бүгін Мәжіліс Тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта аталған норма нақты көрсетілген. Яғни әлеуметтік маңызы бар тағам түрлерін саудагерлердің шектен тыс асыруына шектеу қойылады. Егер бұл ережені бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ұн, жарма, жұмыртқа, сұйық май, тары, тұз секілді тауардың 19 түрі нақтыланған. Үлкен базарлардың жауапты басшылары жаңа ережені саудагерлерге түсіндіруі тиіс.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу