Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бюджеттен 500 млн теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бюджеттен 500 млн теңге бөлінді

24.02.2023

Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Аймақта бағаны тұрақтандырудың екі жолы жүзеге асырылуда. Біріншісі, кәсіпкерлер «айналым механизмі» арқылы төмен пайызбен несие алып, бағаны белгіленген мөлшерден асырмай ұстайды. Ал, екінші жолы, тұрақтандыру қорын азық-түлікпен толықтырып, тауар тапшылығына жол берілмейді. Бөлінген қаржы осы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермек. Бүгінгі таңда қорда 8 мың тоннадан астам азық-түлік бар.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу