7 мың тонна мұнайды ұрлаған кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мың тонна мұнайды ұрлаған кім?

30.10.2017

 

 

7 мың тонна мұнайды ұрлаған кім? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңына келген Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев қарақшылардың ұсталып, қазір ісі сотта қаралып жатқанын айтты.

 

Көлеңкелі саудадан түскен қаржы теріс ағым өкілдерінің қалтасына түсіп келген.

 

Жалпы, өндірісті өңір осы жылдың 9 айында 1 трилионнан астам теңгенің тауарын өндірген. Жұмыссыздық - 5 пайыздан аз.

 

Қауіпсіз қала қағидаты бойынша көшелерде 200-ден астам камера қойылған. Олардың саны әлі де арта түспек.

 

«Туған жерге тағзым» бағдарламасы шеңберінде ондаған әлеуметтік нысан салынды. Ал, ЭКСПО көрмесінде қойылған жетістіктер ішінен 18 жобаны таңдап алып, өндірісіке енгізіп жатыр. Олардың жалпы құны - 43 млрд теңге.

 

Аймақ басшысы алдағы уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімге сай  4 зауыт салынатынын айтты.

 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Ең үлкен сұрақ, Қытайдан қанша адам келеді? Тек Қытай емес, өңірге шетелден жұмысқа келетін адамдарды қарап отырмыз. Мысалы, былтыр 9 айда 1100 адамға квота берілді. Қазіргі таңда 790 адам. Біз олармен келісімшартқа отырар кезде, егер бізде маман жоқ болса, ондай маманды сіздер Қазақстанда дайындайсыздар деп айтамыз.  

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу