Қазақстан Қытайға қосымша 10 миллион тонна мұнай экспорттай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қытайға қосымша 10 миллион тонна мұнай экспорттай алады

03.11.2023

Қазақстан Қытайға қосымша 10 миллион тонна мұнай экспорттай алады. Мұны Энергетика министрі айтты. Оның сөзінше, көрші елге жеткізілген қара алтын көлемі аз болған. Небәрі 1 млн тонна.

Қазір қос тарап мұнайды бос құбырлар арқылы экспорттау мәселесін шешіп жатыр. Жақында «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» магистральдық газ құбырының екі учаскесі кеңейтіліп, мұнай жіберуге мүмкіндік туады, - деді министр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу