«Мәселе» бағдарламасының тілшісі Назым Қайрат Абай еліне барып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» бағдарламасының тілшісі Назым Қайрат Абай еліне барып қайтты

07.03.2020

Абайдың 175 жылдығы той тойлайтын емес, ой ойлайтын дата. Даңғаза дарақылыққа жол жоқ. Бүгін айтып, уәдесін ертең ұмытып кету деген қазіргі шененуніктер үшін кешірілмес қателік. Мұны ақ жағалылар жаттап алуы тиіс. Хәкім Абайдың мерейтойына қатысты тапсырмалар берген кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке шегелеп тұрып мынаны ескертті. Цитата: "Бұл шара ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған. Демеушілердің қаржысына болсын көп концерт жасап, шетелден әртіс алып келудің қажеті жоқ. Менің ойымша, шараларды іскерлік форматта өткізу керек. Сіз әкімдердің арасындағы тәжірибелі мамансыз, сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында өтетін іс-шараларды дұрыс бақылауыңыз керек", - деді. Көптің көкейіндегіні дөп басып айтты деген осы.

Назым ҚАЙРАТ  


Хабарламаларға жазылу