Басты Жаңалықтар Коронавирус жалпы әлемнің 79 елінде анықталды

Коронавирус жалпы әлемнің 79 елінде анықталды

Эпидемия, әсіресе, Еуропа мен Солтүстік Америкада өршіп тұр. Ұлыбританияда алғашқы науқас көз жұмса, Италияда бір тәулікте 40-тан астам адам мерт болды. АҚШ-тың Вашингтон және Нью-Йорк штаттарында инфекция жұқтырғандар саны күрт өсіп, 145-ке жетті.

АҚШ демекші, кеше елдің Сан-Франциско портына круиздік лайнердің тоқтауына тыйым салынды. Оған себеп – борттағы 35 адамда/ ауру белгілері байқалған. Сондықтан, кемеге вирусты анықтайтын тест тікұшақпен жеткізіліп, қазір туристерден сынама алынып жатыр.

Палестинада 30 күндік төтенше жағдай жарияланды. 7 адамнан жұқпалы дерт белгілері анықталған соң, ел билігі осындай шешім қабылдады.

Ал, Израильде круиздік лайнерден елге оралып, карантинде болған 6 турист босатылды. Бір айға жуық дәрігерлер бақылауында болған адамдар үйлеріне қайтар кезде қуаныштарын жасырмады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Бөлісу