Талдықорғанда оқушыны қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда оқушыны қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

04.03.2020

Талдықорғанда мектепке бет алған оқушыны таңғы 8-ге таман көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Абай және Уәлиханов көшелерінің қиылысында бағдаршам да, жаяу жүргіншіге арналған жолақ та, бақылау камерасы да бар. Алайда жол ережесін сақтамаған жүргізуші жасөспірімді қағып кеткенімен қоса жылдам көмек көрсеткеннің орнына бой тасалаған. Қазір 14 жасар ұл бала реанимациядан хирургия бөліміне ауыстырылды. Ата-аналары әлеуметтік желіге оқиғаның куәгерлерін іздеп хабарландыру берді.Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастап кетті.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу