Алматыда жүргізуші қарияны көлігімен қағып, тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүргізуші қарияны көлігімен қағып, тастап кеткен

19.11.2021

Алматыда жүргізуші қарияны қағып, көлігіне отырғызып, кейін аулалардың бірінен түсіріп кеткен. Әжейдің туыстары оқыс оқығаны көрген-білгендер болса, хабарласуын өтініп, көмек сұраған еді. Олар жүргізушіні анықтай алмай жатқандарын айтқан. Алайда алматылық полицейлер қартты қағып, қашып кеткен жүргізушіні тапты. Полиция департментінің мәліметінше, жол апаты 16 қараша кешкі 17.00-18.00 аралығында Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Жүргізуші жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылады. Ал әжейдің туыстарының айтуынша, дәрігерлер жәбірленушінің басы көгергенін, аяғы, жамбасы және қабырғалары сынғанын тіркеген.


Хабарламаларға жазылу