Талдықорғанда 2 жасар қыз бала іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 2 жасар қыз бала іздестірілуде

16.05.2017

Талдықорғанда құтқарушылардың 2 жасар қызды іздестіріп жатқанына 3-ші тәулік болды. Анасының айтуынша, кішкентай Анастасия Руденко үй ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Өздері күні бойы іздеп таба алмаған соң Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жүгінген. Содан бері құтқарушылар, тәртіп сақшылары және еріктілер Балықты мен Қаратал өзен бойларын шолып, сүңгуірлер су арнасын қарап жатыр. Сондай-ақ, сол маңдағы саяжай тұрғындары да сұрастырылуда. Алайда әзірге нәтиже жоқ. Іздестіру жұмыстарына барлығы 60-қа жуық адам жұмылдырылған. Бұл Алматы облысында соңғы бір аптадағы 6-шы оқиға. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу