Бірнеше бағыттарға әуе рейстері қысқартылып, ахуалдық орталықтар жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше бағыттарға әуе рейстері қысқартылып, ахуалдық орталықтар жұмыс істей бастады

04.03.2020

Ертеңнен бастап тағы бірқатар елге әуе рейстері қысқартылды. Короновирустың кең таралуына байланысты еліміз Жапония және Әзірбайжан бағытына қатынайтын ұшақтар пейсін кемітті. Ал билет алып қойған жолаушыларға оның құны толық өтеледі. Осы мәселелерді реттеу үшін бүгін Елордада ахуалдық орталық ашылды.

Ахуалдық орталық азаматтарға кеңес беріп, ақпарат алмасуға тас түйін дайын. 64 58 41 нөміріне қоңырау шалсаңыз шетелге қатынайтын әуе бағыттарына қатысты барлық сұраққа жауап табасыз. Колл орталық жұмыс күндері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 18-00-ге дейін жұмыс істейді.

5 наурыздан бастап Нұрсұлтан-Баку бағыты тоқтайды. Нұр-Сұлтан – Токио бағыты да екеуден 1 рейске қысқарды. Осыған дейін Қытай, Иран, Оңтүстік Корея мен Әзірбайжан елдеріне қатынайтын әуе бағыттарына да шектеу қойылған болатын.

Рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушылардың билетке жұмсаған қаржысы толық көлемде және айыппұлсыз қайтарылады.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі жанынан коронавирус мәселелері бойынша call-орталық жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы әлемді алаңдатқан дерт жайлы, одан сақтану ме алдын алу шаралары, негізгі белгілері туралы барлық ақпаратты біле алады.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу