Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін МӘМС бойынша тіркеліп болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін МӘМС бойынша тіркеліп болуы керек

04.03.2020

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару қорына 600 мыңдай қазақстандық уақытылы ақша салмай отыр. 2 миллион адамның мәртебесі анықталмаған. Бұл алдағы уақытта үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, осы азаматтарға емхана, ауруханаларда қызмет көрсетілмейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осылай дабыл қақты. Маманның айтуынша сәуір айына дейін жоғарыда айтылған мәртебесі белгісіз адамдар өз мекен жайы бойынша емханаларына барып немесе сайтқа кіріп тіркелулері тиіс. Ал жарнасын төлемей отырғандар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қор төрағасының айтуынша, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеу үшін барлық жағдай жасалған. Ол үшін медициналдық ұйымдарға төлем терминалдары да қойылыпты.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу