Қазақстанның барлық облыстары 5G желісіне қосылады

04.03.2020

Алдағы бес жылдың көлемінде Қазақстанның барлық облыстары 5G желісіне қосылады. Жылдамдығы жоғары технологиямен бірінші кезекте үш ірі мегаполис қамтылады. Атап айтқанда, 2022 жылы Алматы, Нұр-Сұлтан Шымкент қалалары, 2023-2025 жылдар аралығында облыстарды қосу көзделген. Бұл туралы бүгін Ақордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы талқыланған жиында мәлім болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлік басшыларына интернеттің жылдамдығын арттырып, экономиканың барлық саласына цифрлық технология енгізу тәртіптерін жеделдету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Елбасының тікелей бастамасымен цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда деді президент. Ресми мәліметтер бойынша, экономика мен мемлекеттік басқаруды цифрландырудың нәтижесінде тек былтырдың өзінде 958 млрд теңге үнемделген. Енді алдағы жылдары республикалық бюджетті тұтастай электрондық форматта бекіту жоспарлануда. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу