«KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды

19.02.2021

Қазақстандық «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Президенттің қабылдауында болған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, бұл шешім миллиардтаған қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 3G және 4G желілері үшін сапаның төменгі шегі анықталды. Радиотолқындарды аукцион форматында анықтау жөніндегі заңнама өзгертілмек. Бұл 5G желісіне көшу үшін маңызды. Министр eGov мобильді қосымшасына биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жайына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жұмыстарды тездетуді тапсырды.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу