Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ тың идеяларға байқау жариялайды.
Байқау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу
2. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған балаларға арналған анимациялық фильм әзірлеу бағыттары бойынша жүргізіледі (жобалардың техникалық сипаттамасы төменде сілтемеде берілген)
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2020 жылдың 13 наурызы сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
Қатысушы келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:
-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;
-Жобаның бағалық ұсынысы;
-Пилоттық нұсқасы (бейнероликтер бойынша байқауға қатысқан жағдайда);
-Толық толтырылған өтінім.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттарды tilalemi.kz@gmail.com адресіне жолдауға, пошта қызметі арқылы немесе тікелей көрсетілген мекенжайға әкелуге болады.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы Сығанақ көшесі №25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Сараптамалық кеңестің отырысы 2020 жылдың 16 наурызында өтеді. Байқау қорытындысы https://tilqazyna.kz/, https://tilalemi.kz/ сайттарында жарияланады.
Ескерту!
Құжаттары толық жинақталмаған, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-71-33 (Ақпараттық технологиялар басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.