Елордада «Тіл шебері» байқауы өтті

16.09.2020

Үш тілді меңгергендер арасында үздіктерді анықтайтын дода биыл өзгеше өтті. Бұған дейін тек мемлекеттік қызметкерлер бақ сынаса, енді жастар қатысып отыр. «Тіл шебері» байқауын ұйымдастырушылар мұның мәні қатарластарын тіл арылы ел тануға баулу дейді. Сайыс шарты бойынша ұлтымыздың ұлы тұлғалары мен әсем жерлері қазақ, орыс және ағылшынша баяндалуы керек. Сондай-ақ мәтінді аудару және эссе жазу сынағы болды. Онлайн шараға әр өңірден 16 үміткер қатысты. 

Айдос Әбдіхалық, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары: 

- Үш тілді меңгерген және қазақ тілін ерекше, сөз мәдениетін де меңгерген жастарды ынталандыру. Қазақ тілінде сөйлеудің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту шара мақсаты болып табылады. 

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу