Алматы облысындағы Тіл орталықтарының мамандарына латын әліпбиінің емле ережелері түсіндірілді

28.03.2019

Алматы облысындағы Тіл орталықтарының мамандарына латын әліпбиінің емле ережелері түсіндірілді. Екі күндік семинарда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері жаңа емленің құрылымы мен мазмұнына түсініктеме берді. Латын негізді жаңа әліпбиді практикалық тұрғыда меңгеру, жан-жақты қамту, нақтылай түсу, халықты бейімдеу мақсатында мұндай басқосу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дәрістерге 60 тіл маманы қатысып, білімін жетілдергені туралы сертификатқа ие болды. Олар өз кезегінде облыс тұрғындарына латын әліпбиін меңгеруге көмектеседі. 

Анар Фазылжанова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы:

Емле ережелері базалық нормаға сүйенген. Базалық норма деген ұзақ жылдар бойы қазақ жазуында қалыптасқан жазудың үлгілері. Біздің қазіргі емлеміз латын графикасына көшкенде де бұрынғы емленің базалық нормасын сақтайды. Тек қана шет тілден енген сөздердің жазылуында ғана өзгерістер болады. Соны халыққа дұрыстап түсіндіре алуымыз керек.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу