Тау-кен саласының жаңа мүмкіндіктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау-кен саласының жаңа мүмкіндіктері талқыланды

03.03.2020

Қазақстанның тау-кен саласының жаңа мүмкінкіндіктері Лондонда өткен жиында талқыланды. Осыдан екі жыл бұрын күшіне енген жаңа жер қойнауын пайдалану кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы компания Үкіметке өз өтінішін беріп, қабылданған шешімге сәйкес кез келген жерде барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады дейді мамандар.

Бұл тәжірибие Австралияда кеңінен қолданылуда. Бұдан бөлек, лицензия алу уақыты бірнеше айдан 10 күнге дейін қысқарған. Бұл өзгерістер отандық тау-кен саласының дамуына жаңа серпін беруі тиіс.

Сондай-ақ юниорлық компаниялардың дамуы басты назарда. Себебі, бұл бастама ірі компанияларға кішігірім кәсіпорындардың қызметіне жүгініп өз ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу