Әлихан Смайылов Гаутам Аданимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Гаутам Аданимен кездесті

14.12.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу жайын талқылады. Көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені мен мұнай-химия салаларында жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

Премьер-Министр мұның Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті. Ал Adani Group компаниясының президенті «Ұзақ мерзімді инвестициялар салуға мүдделіміз, белсенді жұмыс істеуге дайынбыз», — деді.


Хабарламаларға жазылу