Құлсарының үйлері соңғы 10 жылдан бері жөндеу көрмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарының үйлері соңғы 10 жылдан бері жөндеу көрмеген

02.03.2020

Атыраудағы шағын қала Құлсары тұрғындарын тозығы жеткен үйлер титықтатып жіберді. Шаһардағы 200-ден астам тұрғын үйдің бірде-бірі 10 жылдан бері терможаңғыртудан өтпеген. Пәтер иелері кооперативінің жоқтығы мәселені одан бетер ушықтырып тұр.

Жалпы қалада тозығы жеткен 15-тен астам үй бар. Әзірге оның тек екеуі апатты деп танылған. Қалғандары да құлаудың азақ алдында тұр. Бұл пәтерлерге бірде бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қабырғасы қақырап, төбесі құлап, іргесі сөгіліп тұр. Ешқандай жағдай жасалмаған. Жуынатын бөлме жоқ. Талай өрт те болған.

Шаһардағы 232 тұрғын үйдің бірде-бірінде пәтер иелері кооперативі жоқ. Сол себепті жауаптылар арнайы қызмет көрсететін 2 мекеме құрып, қордаланған проблеманы шешуге кіріскенін алға тартып отыр.

Құлсарылықтарға ескі үйін өз бетінше жасмап-жасқағаннан басқа амал жоқ. Өйткені қаланың бас жоспарына сай 5-6 жылсыз жаңа үй берілмейді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу