ШҚО-да ауыл клубтары жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ауыл клубтары жөнделіп жатыр

26.07.2014
ШҚО-да ауыл клубтары жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданы бойынша биыл мәдениет үйлері мен ауыл клубтарын жөндеуге ерекше мән беріліп отыр. Қазір аудандағы 7 бірдей елді-мекенде клуб үйлері күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде.

Ол үшін, республикалық және облыстық бюджеттен 60 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Әбден тозығы жеткен мәдени ошақтардың кейбірі тіпті 50 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген.

Енді, заман талабына сай жасалып, ауыл халқының игілігіне берілмек. Жаңарған мекемелер қажет жабдықпен де толық қамтамасыз етілетін болады.

Тілеуғабыл Көнекбаев, Құмкөл ауылының әкімі:

Ауылдың қазіргі таңда тіршілігіне өте қажет дүние болды. Себебі, ауылда кейінгі кезде халықтың өсімі, жастардың жағдайы тұрақтануы артып келе жатыр. Заман ағымына сәйкес, клуб үйі қажет болады.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу