Бүгін Астанадағы қалалық кітапханада балалар оқу залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанадағы қалалық кітапханада балалар оқу залы ашылды

01.09.2014
Бүгін Астанадағы қалалық кітапханада балалар оқу залы ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Білім күніне орайластырылған «Бүгінгі  бала - білімді бала» атты шара өтті. Шара аясында «Шаңырақ» балалар оқу залы салтанатты түрде ашылды. Зал үш аймақтан тұрады: бірінші – шығармашылық аймақ, екінші – демалыс және үшінші – ақпарат аймақтары.

Мамандар оқушылармен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Оған үйірмелер жұмысы, кітап оқу, қызықты жандармен кездесу, «ҚР ҰАК оқырмандарына» арналған мерекелер ұйымдастыру және үй тапсырмаларын орындау жатады. Оқу залына 3-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер кіре алады.

Хабарламаларға жазылу