«СарыарқаАвтоПром» зауытында былтыр 26 мыңға жуық көлік құрастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«СарыарқаАвтоПром» зауытында былтыр 26 мыңға жуық көлік құрастырылды

25.02.2020

Елімізде отандық автокөліктерге деген сұраныс артқан. Соның арқасында өндіріс көлемі де айтарлықтай өсті. Мысалы, Қостанайдағы «Сарыарқа АвтоПром» зауытында былтыр 26 мыңға жуық көлік құрастырылды. Бұл 2018-ші жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ал Өскемендегі машина жасаушы кәсіпорын отандық нарықтың 30 процентін қамтиды. Өзімізде жасалған көліктерге сұраныстың өсуіне не себеп және оның елге пайдасы қандай?

 Қостанай зауытынан әлемдік бренд саналатын көліктердің жеті түрі шығарылады. Сонымен қатар өндіріс ауқымы да еселеп өсуде. Мысалы, биыл желіден шығатын көлік санын 50 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ал Өскемендегі зауытта алғашында «Нива» көліктері ғана құрастырылған.

Осының бәрі ішкі, сыртқы нарықта бәсекелестікке төтеп беріп, автомобиль өндірісінің алға басуына мүмкіндік беріп отыр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу