Жыл басынан бері 67 мыңнан аса жеңіл машина құрастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 67 мыңнан аса жеңіл машина құрастырылған

27.12.2020

Үкіметтің дайындаған мәліметтеріне қарасақ, инфляция деңгейін белгіленген дәліз яғни 9-11 процент аралағында ұстап тұру міндеті орындалыпты – қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3 процентті құраған. Тағы мынадай цифрлар ұсынады: қаңтар мен қараша аралығында елімізде 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй берілген. Сонымен бірге автомобиль өндірісі 23 мың көлікке артып, жыл басынан қарашаға дейін 67 мыңнан аса жеңіл машина құрастырылған. Оның көбі Қостанайдағы жеңіл көлік шығаратын зауытқа тиесілі. Былтыр 26 мыңға жуық көлік құрастырылса, биыл 40-мыңнан асады. Жарнама емес, үрей, қорқыныш, жұмыссыздық тән болған биылғы көріністерге қарсы қоюға болатындықтан, мың жарымнан астам адам жұмыс істейтін зауыттан Дәуренбек Әбдібек репортаж дайындады. 


Хабарламаларға жазылу