Беларусь Республикасына мұнай жеткізу бойынша келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь Республикасына мұнай жеткізу бойынша келісімге қол қойылды

28.06.2021

Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша үкіметаралық келісім жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Беларусь премьерлері бірнеше мәселе бойынша ынтымақтастықты дамыту құжаттарына қол қойды. Қостанайда өткен кездесуде екі елдің үкімет басшылары «МТЗ Қазақстан» зауытында салынып жатқан жаңа ғимаратпен танысты. Нысан өндіріс көлемін жылына 4 мың тракторға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласына Беларусь технологиясын тартып, Қазақстанда сүт фермаларын салу жоспарланып отыр.

Сергей Могилатов, «Сарыарқаавтопром» ЖШС директорының орынбасары: 
 Біз жоспар бойынша биыл 60 мың автомобиль құрастыруды көздеп отырмыз. Оның 18 мыңын экспортқа шығармақпыз. Ал, бүгін жасалған келісімдер машина жасау технологиясын дамытуға, жергілікті өнеркәсіп өндірісін көтеруге сеп болады. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу