А.Мамин Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Мамин Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеевпен кездесті

25.02.2020

Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевпен кездесті. Ташкент қаласында өткен кездесуде экономиканың барлық салаларындағы екі жақты ынтымақтастық сөз болды. Осы күні Қазақстан мен Өзбекстанда үш мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 4,1 млрд АҚШ долларына жеткен. Осы орайда екі тарап та жыл сайын ұйымдастырылатын аймақаралық ынтымақтастық форумының зор ықпалын атап өтті. 26 ақпан күні Өзбекстанның Үргеніш қаласында ІІ Аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Форумға екі елдің үкімет басшыларымен бірге 300-ден астам мемлекеттік органдардың басшылары мен кәсіпкерлер қатыспақ. Шара нәтижесінде коммерциялық және аймақаралық сипаттағы 40-тан астам келісімшартқа қол қойылады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу