Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды

24.02.2020
Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды

Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға 23 ақпан күні Токио-Нұр-Сұлтан рейсі бойынша 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматтары. Төртеуі - Diamond Princess лайнерінің ішінде болған жолаушылар. Сонымен қатар жолаушылардың ішінде Жапония, Ливия, Ұлыбритания, Украина, Оңтүстік Корея мен ҚХР азаматтары бар.

«Олардың бәрі де қаладан 7 шақырым жердегі Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа жайғасты. Дәл осы ауруханада бұдан бұрын Уханьнан келген студенттер оқшауланған еді. Келген азаматтардан коронавирус инфекциясы бойынша анализ үшін сынама алынды. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Олар 14 күндік карантинде болады», деп хабарлайды комитеттен.


Хабарламаларға жазылу