Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті

17.03.2020

Коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. Науқастанғандардың 15-і Алматыда, 17-і Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшауланған орталыққа жатқызылды. Қазір осы науқастанғандармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынып жатыр.

Нұр-сұлтанда бүгін түске дейін-ақ, 14 адамнан коронавирус анықталды. Мамандар олардың 9-ы эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келгенін, және кейбірі солармен қарым-қатынаста болғанын айтады. 4 азамат болса, бұған дейін Италия және Оңтүстік Кореядан ұшып келген кезде, бірден оқшауға алынған. Ал, науқастанғандардың қатары түстен кейін тағы бір адамға көбейді.

Соңғы мәліметке сәйкес, жұқтырғандардан бөлек, елімізде 1665 адам стационарлық карантинде, 1076 адам үйде оқшауланған. сонымен қатар осы індетті жұқтырған екі қазақстандық азамат Германияда және Венгрияда емделіп жатыр.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу