Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген жолаушылар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген жолаушылар іздестіріліп жатыр

25.03.2020
Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген жолаушылар іздестіріліп жатыр

Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген жолаушылар іздестіріліп жатыр.

646 FNB 13 тіркеу нөмірлі автобуспен Нұр-Сұлтаннан Жетісайға (Түркістан облысы) жеткен жолаушылар жедел жәрдем көмегіне жүгініп, карантинге жатуы тиіс.

Маршрут уақыты:

- 19 наурыз 17:30-да Нұр-Сұлтаннан аттанды;

- 21 наурыз 23:30-да Шымкентке келді («Бекжан» базарына);

- 22 наурыз күні таңда Жетісайға жетті.

Қазіргі уақытта 51 жолаушының 41-і табылды, олар карантинге жатқызылды.

Хабарламаларға жазылу